$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 10:31
Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 11 дәрігердің жақындарына 10 млн теңгеден өтемақы төленді

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған 1,2 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 11 дәрігердің жақындарына 10 млн теңгеден өтемақы төленді
Фото авторы: Нұрдаулет Әбікеев

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1259 медицина қызметкеріне өтемақы төлеНді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алғандар – Нұр-Сұлтан (251) және Алматы қалаларының (139), Алматы (105), Қарағанды (97) Ақмола (95) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Серіктес жаңалықтары