Нұр-Сұлтанда театр ғимаратын жөндеуге бөлінген қаражат талан-тараж болды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктінің үстінен іс қозғалды

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Астана-Көкше» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ол «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн. теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді»,- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәсі бар-жоғын сот шешеді.