Қазақстанда ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында ғылым мен білім саласын дамытуға баса назар аударды.

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі жеке парақшасында болашақта ата-аналар балабақшаны өздері таңдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy»  тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа жолдауында ғылым мен білім саласын дамыту бағытын белгілеп, баса назар аударды. Оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие де бар.

«Енді мемлекеттік тапсырыстың кімге берілетінін білім басқармалары мен бөлімдер анықтамайды. Балабақшаға жолдама алған ата-аналар мектепке дейінгі мекемені өздері таңдайды», - делінген министр хабарламасында.