Құқық бұзушылық жасалғаны туралы куәландыратын дәлелдемелер жинау жеткілікті қамтамасыз етілмеген
Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің отбасына неге айыппұл салынбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Департамент Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлеханов жазған түсініктемеге сілтеме жасайды. Оған сәйкес, Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаев арасындағы некені тіркеу 18 тамызда гольф алаңында ашық ауада өтті.
«Әкімшіліктің сауалнамасында рәсім ұйымдастырушылары гольф алаңының бір бөлігін жалға алғаны анықталды. 18 адамнан тұратын отбасы мүшелері қатысты, рәсім ашық ауада 60 минутқа созылды, тамақ пен сусын ішу қарастырылмаған. Гольф алаңының басшылығына әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау мүмкін болмады, өйткені АІІБ тарапынан қандай да бір дәлелді материалдар жоқ, бұл прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Басқармасында тексеруді тіркеуден бас тартуға негіз болып саналады. Материалда құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын дәлелдемелер жинау жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты аталған материал Алмалы аудандық полиция басқармасына қайтарылды», - деп хабарлады Алматы ҚҚБТУ үйлестіру және сектораралық даму бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбаева.
Еске сала кетейік, желіге Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаевтың үйлену тойынанфото және видео көрсетілімі жүктелген. Кейін санинспекторлар дәлел аз болғандықтан, белгілі әнші Төреғали Төреәлінің отбасына хаттама жасалмағанын айтты.
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезінде Әли Оқапов пен Төреғали Төреәлі отбасыларындағы салтанатты оқиғалар фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.