$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2020, 23:52
Қоғам

«Ауыл» партиясы ауылдық фельдшерлерге арналған семинар ұйымдастырды

Интернет арқылы бір уақытта жүзге жуық медицина қызметкері байланысқа шықты

«Ауыл» партиясы ауылдық фельдшерлерге арналған семинар ұйымдастырды

Ауыл-аймақтағы фельдшерлерге арналған онлайн семинарда вирустық инфекциялардың алдын алу және оларды қорғау шаралары туралы айтылды, оны «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Интернет арқылы бір уақытта жүзге жуық медицина қызметкері байланысқа шықты. Қазір олар аурудың маусымдық өсуіне дайындалып жатыр, ол әдетте қазан айында басталады. Балалар, ЖОО студенттері, педагогтар, кеңсе қызметкерлері және дәрігерлердің өздері үшін ауру жұғу қаупі жоғары. Осы кезеңде қазақстандықтар вирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуден бас тартуы керек»,- деп атап өтті семинарға қатысушылар. 

«Бұл, әсіресе, медицина қызметкерлерінің өздеріне, оларды қорғауға қатысты, өйткені олар бірінші кезекке өздерін қоюы тиіс. Ақ халаттылар алдымен науқастармен байланысады, қол ұшын береді»,- дейді невролог-эпилептолог Алтынай Елубаева.

Серіктес жаңалықтары