Ветеринарлық бақылау комитетінің басшысы қызметінен босатылды
Арман Өтеғұлов бұл орында екі жылдан астам уақыт жұмыс істеді
ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Өтеғұлов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2018 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
1989-1996 жылдары кеңшарда жұмысшы, кейін «Ақкөл» кеңшарында аға, кейін бас мал дәрігері болды.
1996-1998 жылдары «Талдыапан» КП директоры қызметін атқарды.
1998-2000 жылдары БҚО Казталов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2002 жылы БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы болды.
2002 жылдың соңынан 2010 жылдың тамыз айына дейін БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін атқарды.
2010 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін БҚО Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.
2013 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қаңтар айына дейін БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.
2014 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін БҚО әкімінің орынбасары.
2015-2018 жылдар аралығында БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.
2018 жылдың сәуірінен 2020 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.