Вице-министр мектептер қандай жағдайда карантинге қайта жабылатынын айтты
Дегенмен, карантинге қатысты нақты шешімді санитар дәрігерлер шешеді
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Қазақстандағы мектептердің карантинге қайта жабылу ықтималдығы туралы айтты.
Бұған дейін елімізде қыркүйектен бастап студенттер мен оқушылар қашықтан оқыса да, алыс ауылдардағы балалардың мектепке бара алатыны туралы хабарланған.
«Балалар мектепке барғанда ауырып қалуы мүмкін. Мектептерде санитарлық талаптар сақталады. Балалардың денсаулығы бақылауда болады. Қызуы көтерілген, мазасы болмай, ЖРВИ белгілері байқалған балалардың мектепке келуі шектеледі. Біз науқастану, азаматтардың медициналық ұйымдарға жүгіну көрсеткіштерін қарап отырамыз. Егер аурулар саны көбейіп кетсе, аталған мектептер карантинге жабылады», - деді А. Ғиният.
Дегенмен, карантинге қатысты нақты шешімді санитар дәрігерлер шешеді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан