Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – Білім министрлігі жаңашылдықтарды түсіндірді

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтінін айтты. Тікелей эфирде өткен Тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы «Еуразия» бірінші арнасына берген сұқбатында министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

«Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады», - деп түсіндірді Мелдебекова.

Еске салсақ, 25-28 тамыз аралығында Қазақстанда 2-11 сыныптар үшін қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Оқушылар өткен материалды қайталайды.

Қазақстанда жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.