$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 17:33
Қоғам

Кәсіпкерлерге карантин кезінде 62,6 млн теңге айыппұл салынған

Кәсіпкерлерге карантин кезінде 62,6 млн теңге айыппұл салынған

Кәсіпкерлерге карантин кезінде 62,6 млн теңге айыппұл салынған
Фото: ашық дереккөзден

Карантин кезінде жұмысына аз да болса рұқсат алған кәсіпорындар «карантин шараларын толық сақтамағаны үшін» жалпы сомасы 62,6 млн теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Бұл тың деректі жария еткен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов компанияларға нақты қандай бап бойынша айыппұл салынғанын айтты

«5 шілдеден бері Қазақстанда 123 заңды тұлға Әкімшілік кодекстің 425-ші бабын, яғни, карантин ережелерін сақтамағаны үшін жалпы сомасы 62,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - деді Қожахметов.

Ал дәл осы уақыт аралығында, яғни, 5 шілде мен 17 тамыз аралығында маска тақпағаны үшін 2700 жеке тұлға айыппұл төлеуге міндеттелген.

«Олардың көбі жабық ғимараттар ішінде бетперде кимей жүрді. Ал жабық ғимаратта бетперде кию – бас санитар дәрігердің қаулысы арқылы міндеттелген шара», - деді Қожахметов.

Бірақ брифинг барысында жеке тұлғалардан жиналған айыппұл мөлшері туралы ақпарат айтылған жоқ.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары