Жамбыл облысында да адам аз ауылдар жабылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бірнеше елдімекен өзгелерімен біріктірілді

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 4 елді мекен жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 4-і жақын орналасқан ауылдарға қосылады. Осы арқылы аймақта тіркелген 377 ауылдың 8-і оңтайландырылмақ. Облыстық әкімдіктің ресми мәліметіне сәйкес, бұл ауылдарда халық саны 50-ге де жетпейтін көрінеді. Тіпті, кейбірінде тұратын адам қалмаған.

Таратылған Арал, ГРЭ-21, Кіші Қамқалы және Байтал қоныстық елдімекендерін есептен шығару туралы облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданды. Қазір Шу, Тұрар Рысқұлов, Сарысу аудандарындағы 4 елді мекенді маңайындағы ауылдарға қосу туралы қаулы жобасы әзірленіп, «Ашық Үкімет порталына» қоғамдық талқылауға шығарылды.

«Яғни бұл елді мекенде бұрын соңды адам болмаған. Бұған дейін бұл елді мекендер тек сол жақын маңдағы ауылдық округтердің қоныстық ауыл ретінде тіркеліпе тұрған. Сондықтан ол ауылдар құжат бойынша таратылды. Ал бұрын ол болған.  Сонымен Жамбыл облысындағы елді мекендер саны 377 болса, оңтайландырумен 369-ға кеміп отыр», - дейді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрадин Рақай.