$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 14:19
Қоғам

СҚО-да 318 мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде бастайды

Биыл 9 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

СҚО-да 318 мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде бастайды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 318 мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде бастамақ. Талап бойынша бір сыныпта шәкірт саны 15 баладан аспауы тиіс. Мұндай білім ордалары екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов брифинг өткізіп, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы жайында баяндады. Спикердің айтуынша, қазір өңірлік мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 142 мектеп жаңарса, биыл 107 білім ордасы жөнделмек. 

«Үш мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында Жас Өркен ықшамауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи екі  мектеп ашылады. Бүкіл мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етілді. Мектептердің көлік паркі 43 автобуспен жаңарды. 231 мектепке жиһаз және 324 мектепке спорт құралдары алынды. Компьютерлер жаңартылуда. Соңғы үш жылда 1 600 бірлік сатып алынды. Биыл карантин кезінде үнемдеу есебінен 580 компьютер  алынып, оқушыларға таратылды. Оған қоса, тағы 14 мың бірлік техника аламыз. Олар:  ноутбуктар, компьютерлер және планшеттер.  Биыл алынатын техника соңғы 10 жылдағы компьютерлердің санымен тең», - деді Ақсақалов.

Облыста 477 мектепте 75 мың бала білім алады. Жыл санап оқушылардың саны өсіп келеді. 2018 жылы 7,7 мың бала бірінші сыныпқа барса, былтыр 8,5 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Биыл 9 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. 

«Ауылдардағы 318 шағын мектепте оқу штаттық режимде өтеді. Бір сыныпта 15 баладан аспауы тиіс, екі ауысымда оқиды. Қашықтықтан оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 2 мың кезекші топ ашылады. Барлық балаларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етеміз. Тиісті қаржы бөлінді», - деді СҚО әкімі. 

Бүгінде облыста 635 елдімекен бар. 437 ауыл ғана кең жолақты интернетпен қамтылған. Облыс әкімі жыл соңына дейін 570 ауылға ғаламтор желісі жететінін айтты.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #мектеп #оқушы