Бүгін, 12:32
Қоғам
Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады
Ол үшін бюджеттен 75,9 млрд теңге қаралған
Фото: ЖИ жасаған
Бүгін, 18 қараша күні Құрылтай ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізетін заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бүгін Құрылтай депутаттары 2027-2029 жылдарға арналған республикалыұқ бюджет туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қарап, оны қабылдады.
Бұл құжат Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізеді. Бұл тапсырманы биыл Жолдауда президенгт Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Ал бүгінгі республикалық бюджет туралы заң аясында депутаттар қосымша 114,1 млрд теңгені былай бөлді:
- ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге жеткізу үшін 75,9 млрд теңге;
- дәрігерлердің жалақысын көбейтуге 20 млрд теңге;
- орта мектепке ЖИ енгізу үшін 0,6 млрд теңге;
- басқа шығындарға 17,6 млрд теңге бөлінді.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 13:03
Әке-шешесінің үш қолы бар: Петропавлдағы «біртүрлі» баннер суретшінің ерекше идеясы болып шықты
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
