Құжатынан бастап тәрбиеге дейін тексереді: әл-Фараби атындағы университетке арнайы топ аттанды
Кешенді топ университеттің құжатынан бастап, іштегі тәрбие жұмысына дейін тексереді
Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазаз ұлттық университетін кешенді тексеру үшін арнайы мониторингтік топ жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, айналдырған он күннің ішінде университетте екі студент қаза тапқан.
«Жастар ортасында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді», - деп хабарланған университеттің ресми сайты.
Дереккөзге сүйенсек, университетке мониторингтік топ аттанған. Комиссия студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғаудағы заңнама мен ішкі құжаттардың дұрыстығын зерделейді. Комиссия сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды.
«Комиссия жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударады», - деп хабарлайды Ғылым министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екінші курс студенті бірінші курс студентін ұрып өлтірді деген күдік туды. Осы қайғылы оқиғадан кейін университет басшылығы кемі екі адамды жұмысынан босатқан. Нақтырақ айтқанда, Басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректордың аты-жөні – Бақытжан Бауыржанұлы Омаров пен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Әлия Сағындыққызы Ақтымбаева жұмыстан кетті.
