«Жамбыл Жабаев апорт алма берген»: қазақтың танымал ақын әйелі өмірден өтті
Надежда Лушникова оншақты күннен кейін 86 жасқа толатын еді
Қазақстандағы танымал ақын, айтыс өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған Надежда Лушникова 86 жасына қараған шағында дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды жазушы Исмаилжан Иминов естіртті. Оның айтуынша, оншақты күн бұрын ғана тың жүрген Надежда Лушникова 8 қараша күні көз жұмған.
«Бүгін қаламым қаралы хабар естірткелі тұр: бірегей тұлға, суырыпсалма ақын, көзінің тірі кезінде-ақ аты аңызға айналған Надежда Лушниковадан айырылып қалдық. Мен үшін Надежда апай туғанымдай болып кеткен адам еді. Күнде сөйлесіп тұратынбыз. Соңғы рет оны 28 қазан күні Ұлттық кітапханада көрдім, ол менің айтыс туралы жазған кітабымның тұсаукесеріне келген. Сол кезде тың еді, сөз сөйлеп кеткен. Таланатты ақын, керемет адам, балаларының сүйікті анасы мен немерелерінің әдемі әжесі есімізде мәңгі сақталады», - деп жазған ол.
Естеріңізге сала кетейік, Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында туған. Яғни, оншақты күннен кейін ақын 86-ға толатын еді.
Ал өзінің сұхбаттарының бірінде ол бала кезінде Жамбыл Жабаевты көргенін, ол оған апорт алма бергенін, бұл оқиғаны өзі Жамбылдың батасы ретінде қабылдағанын айтқан.