«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді

Автор: Бақыт Шынар

Бұл – учаскелік қызмет мамандары еді  

Фото: ЖИ

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық-санитарлық көмектегі 77 мың адамның жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, президент бүгін Жолдауында Жаңа жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көбейтуді тапсырды.