Ішкі істер министрі бұл адамдар мас күйде халықтың мазасын алмақ болған дейді
Бүгін үкіметте «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатына арналған ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мас күйде қылмыс жасайтындардың саны азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дәлірек айтсақ, Сәденовтің мәліметінше жыл басынан бері мас күйде жасалған қылмыстың саны 2,5% азайған. Яғни, 6,9 мың адамға қатысты қылмыс тіркелген.
«Қоғамдық орында алкоголь ішіп, мас күйде жүрмек болған 184 мың адамның әрекетіне тосқауыл қойдық», - деп хабарлайды Сәденов.
Бұдан басқа полиция алкогольді заңсыз сатқан 4,5 мың кәсіпкерді лицензиясынан айырған екен. Оларға 932,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.