Бүгін, 14:02
Қоғам

«Зорлық-зомбылық жасауы мүмкін»: Қазақстанда 2 мың адам арнайы топқа қосылды

Жалпы, полиция 58 мың адамды тексерген

«Зорлық-зомбылық жасауы мүмкін»: Қазақстанда 2 мың адам арнайы топқа қосылды
Фото: istockphoto.com

Бұған дейін хабарлағынымыздай, премьер-министр Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидаты қалай орындалып жатқанын білу үшін ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың санына қатысты есеп берген, деп жазады Azattyq Rýhy 

Сәденовтің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері жалпы қылмыс 15 пайызға азайған. Бірақ министр дәл зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстың статистикасын жарияламаған. Дегенмен, осы қылмыстың алдын алу үшін ауқымды талдау жасалғанын хабарлаған.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың жаңа стандарты бойынша 58 мың адамды тексеріп, оның 2 мыңын тәуекел тобына қостық», - деп хабарлаған Сәденов.

Айта кетейік, бүгін үкіметте ішкі істер министрі Қазақстандағы камералардың санына қатысты ақпарат айтқан еді.