Соңғы бір тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

246 науқастың жағдайы нашар, 69 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 10 тамызда тіркелген COVID-19 жұқтырған және коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте 741 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, 23 адам көз жұмған. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 12 өлім жағдайы тіркелді.

«Қазір коронавирус инфекциясынан 25 650 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 105-і – балалар. Стационарларда 4713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде, 69 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.