Бүгін кешке eGov-та қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтайтын жаңа калькулятор жария болады
Қазақстандықтар сол арқылы өзінің әл-ауқатын анықтай алады
Бүгін, 16 қазан күні кешке eGov жүйесінде қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтайтын жаңа калькулятор жария болады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен вице-министр мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бұған дейін интернетте қазақстандықтардың қай санатқа жататынын анықтайтын калькулятор пайда болған еді.
«Бұрынғы, яғни ескі калькулятор теріс. Бүгін кешке біз eGov жүйесіне әл-ауқатты есептейтін жаңа калькуляторды жария етеміз. Азаматтар соған кіріп, өзінің әлеуметтік жағдайын анықтай алады», - деді министрлік өкілдері.
«Неге бұған дейін ескі калькулятор тарағанын, ал жаңа калькуляторды «болары болып, бояуы сіңген соң» жариялаудың маңызы қандай екенін?» сұраған журналистерге министрлік өкілдері былай деп жауап берді:
«Бұған дейін жаңа калькулятор техникалық сынақтан өтті, қазір ол қолдануға толық дайын. Бұл жаңа калькулятор халықтың әл-ауқатын биыл 30 қыркүйекте қабылданған жаңа ережеге сай анықтайды».