Қазақстанда 200-ден астам ауқатты отбасы өз еркімен жәрдемақыдан бас тартқан
Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады
Қазақстанда әлеуметтік көмекке мұқтаж емес 200-ден астам азамат алып отырған жәрдемақысынан бас тартты. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша өткен кеңесте белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жалпы, үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, премьер-министр Олжас Бектенов Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізген.
«Бүгінде SMS-хабарлама алған 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақы алудан бас тартатынын мәлімдеді. Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile қосымшасына енгізілетін жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисінің жаңа жобасын таныстырды. Оның көмегімен әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрмысы жоғары азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн режимде төлемдерден өз еркімен бас тарта алады», - деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.
Бектенов азаматтардың әл-ауқатын анықтайтын калькуляторды азаматтарға ыңғайлы етуді тапсырған.