Құрбысының баласын ернінен сүйген: Астанада болған оқиға қоғамда резонанс тудырды (ВИДЕО)
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр
Әлеуметтік желіде Астанада әйел адамның кішкентай баланың ернінен сүйген видеосы жарияланды. Полиция қызметкерлері осыған байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының Полиция департаменті таратқан хабарламаға сүйенсек, видеодағы әйел адам бүлдіршіннің анасының құрбысы болып шықты. 23 жастағы әйел адамның бұл ісіне қатысты тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, құқықтық баға беретін болады.
«Бұған қоса, аталған фактіні өзінің ұялы телефонының камерасына түсірген баланың анасы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, желіде тараған бұл видео қоғамда резонанс тудырды.