Берік Беркімбаев бұл жұмысты Әділет министрі үйлестіру керек деп санайды
Бүгін Құрылтай отырысында депутат, «Әділет» фракциясының мүшесі Берік Беркімбаев Әділет министрінің атына депутаттық сауал жолдай отырып, азаматтар заң жобаларын түсіндіру бағытындағы жұмыс ақсап тұрғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін азаматтарға кеңінен түсіндіруге және оның маңызын насихаттауға ерекше назар аударған.
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы барлық құзырлы мемлекеттік органдар жұмысының маңызды бағыты болуы тиіс деп есептейді. Бүгінде азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданып жатыр. Алайда заң нормаларын халыққа жеткізумен ғана шектелмей, олардың мазмұнын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп, іс жүзінде қолдану тәртібін көрсету маңызды», - деді ол өз сөзінде.
Жалпы, депутат еске салғандай, қазіргі заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме береді. Алайда бұл жұмысты жалпы үйлестіріп, бірыңғай тәсіл қалыптастыратын мемлекеттік орган нақты айқындалмаған.
«Соның салдарынан құқықтық түсіндіру жұмысы әртүрлі нысандар мен тәсілдер арқылы жүргізілуде. Сондықтан бірыңғай үйлестіруші органды айқындап, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ортақ әдістеме әзірлеу орынды деп санаймыз. Сонымен қатар құқықтық түсіндіру жұмысының тиімділігі өткен кездесулердің, жарияланымдар мен іс-шаралардың санымен ғана өлшенбеуі керек», - дейді депутат.
Жалпы, Беркімбаевтың пікірінше, кез келген заңның нәтижесі - азаматтардың заң нормаларын қаншалықты түсінетіні, өз құқықтары мен міндеттерін білуі және қажетті құқықтық ақпаратты қолжетімді түрде ала алуы болу керек.
«Алайда бүгінде азаматтардың құқықтық ақпараттану деңгейін, ақпараттың қолжетімділігін және берілген түсіндірмелердің сапасына қанағаттануын тұрақты бағалайтын бірыңғай тетік жоқ. Бұл мәселені ортақ әдістеме бойынша тұрақты әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы шешуге болады. Оның нәтижелері түсінуге қиын заң нормаларын анықтап, құқықтық түсіндіру жұмысындағы проблемаларды нақтылауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.«Әділет» фракциясы «Заң мен тәртіп» қағидаты жүйелі құқықтық ағарту және түсіндіру жұмысымен қатар жүруі тиіс деп есептейді», - дейді Құрылтай депутаты.
Осыған байланысты депутат Әділет министріне мынандай ұсыныс-талаптарын жария етті: