Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қала ішінде қоғамдық көліктер қатынай бастайды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы А.Чарапиев 2 тамыздағы «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

«Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ қала ішіндегі жолаушылар тасымалдаушы қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болған еді. Қазір облыста мемлекеттік бас санитардың міндетін Асхат Чарапиев атқарады.