2019 жылдың осы аралығында 12,5 мың адам жұмыссыз қалған
Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жарты жылында елімізде 7 652 адам жұмыстан қысқарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS басылымына сілтеме жасап.
«2019 жылдың осы аралығында 12,5 мың адам жұмыссыз қалған. Биыл өңірлер бойынша Қарағанды облысында 1537, Алматыда – 1 148, Атырау облысында – 558, Шығыс Қазақстан облысында – 550, Нұр-Сұлтан қаласында – 452 адам қысқарған», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, 2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында кадрларды қысқарту кезінде 4 915 адам, кәсіпорындардың таратылуына байланысты 1333 адам жұмыссыз қалған.