Алматы көшелерінде тағы 362 «Сергек» камерасын орнату жоспарланып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жол ережесі жиі бұзылатын жерлерде орнатылады

Фото: kolesa.kz

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтың тікелей эфирінде белгілі болды.

«Бүгінде Алматыдағы жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және ашу үшін біз «Жол қауіпсіздігі» және« Сергек» сияқты бірқатар ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз, олардың санын тағы 362-ге көбейту жоспарлануда. Олар қаланың төтенше жағдай аймақтарында және жол қозғалысы ережелері жиі бұзылатын жерлерде орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ Алматы Полиция департаментіндегілер осы жылдың алты айында сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 3 392 қылмысты ашқанын хабарлады.