Жақсылық Үшкемпіровтің жаназасына тек жақын туыстары ғана қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның отбасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Даңқты спортшы, күрестен Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне тек жақын туыстары ғана қатысады. Бұл туралы марқұмның отбасы мүшелері хабарлады.

Олар қазақстандықтарды пандемияға байланысты жаназа шығаруға келмеуін сұрады. Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға тек туған-туыстары ғана шығарып салады.

«Қоштасу және еске алу рәсімінің бәрі тура бір жылдан кейін өткізіледі», - деді Үшкемпіровтер әулетінің өкілдері.

Олимпиада ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров 2 шілде күні 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.