Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу режимі қалай бақыланатынын түсіндірді

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 5 шілдеден бастап 779 мониторингтік топ құрылды

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі маска тағу режимі қалай бақыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналына сілтеме жасап. 

«Маска тақпаған азаматтарды жауапқа тарту тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде жазылған. Жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын ішкі істер органдары мен жергілікті полиция қызметкерлері кіретін бақылау топтары қадағалайды», - делінген хабарламада. 

Әкімшілік іс қозғау үшін материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің аймақтық бөлімшелеріне беріледі.

Айта кету керек, 5 шілдеден бастап өз қызметін қайта бастаған меншіктің әртүрлі нысандарының қызметін, сондай-ақ жеке тұлғалардың карантин талаптарын сақтауын бақылау мақсатында 779 мониторингтік топ құрылды.

Естеріңізге сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағуға міндеттелген еді.