Құрбан айт мерекесі күндері Шымкент қаласының аумағына 17 бекет қойылды
Бекеттер 2 тамыз күнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді
Шымкент қаласының кіре берістерінде 17 бекет қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №29 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 31 шілде және 1-2 тамыз аралығында Құрбан айт мерекесі күндері бірқатар шектеулер енгізілді. Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қала аумағына (құрбандық шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда) малдарды алып келуге тыйым салынады және осындай жайттардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының кіре берістерінде 17 бекет қойылды.
Бекеттерді қоюдағы мақсат – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, Құрбан айт мерекесі кезінде коронавирустық инфекциясының таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салу.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрам 2020 жылғы 30 шілде сағат 07:00-ден бастап, 2 тамыз күні 00:00-ге дейін қызмет атқаратын болады.жұмыс істейді.