30.07.2020, 15:18
Қоғам
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 93 егіз және 3 үшем дүниеге келді
Күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін бала дүниеге келеді
Фото: ашық дереккөзден
Алты айда қалада 14 012 бала дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Алты ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 14 012 бала дүниеге келді», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораева.
Қызық дерек: бала туу көрсеткішінің төмендігіне қарамастан, аталған кезеңде елордада егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы аталған уақыт бойынша 77) және 3 үшем (2019 жылы 1) дүниеге келді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
