«Халық қорғаныш маскаларын тағуға міндетті»: Бас санитар Қаулыға өзгеріс енгізді
Адамдардың бәрі жабық нысандарда, көлікте, далада болған кезде маска тағуға міндеттеледі
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, төмендегідей жағдайларда адамдар маска тағуға міндеттеледі.
- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;
- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру).
Қаулыдағы бұл тармақ міндетті орындауды талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.