Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үйде ыстық су уақытша тоқтатылады
Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй кешені мен көпқабатты үйлерде 15-19 маусым аралығында ыстық су уақытша өшіріледі. Шектеу жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау және гидравликалық сынақ жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKomek109 мәліметінше, ыстық су 15 маусым сағат 00:00-ден бастап 19 маусым сағат 23:59-ға дейін берілмейді.
Уақытша шектеу Тұран, Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары, сондай-ақ Сауран, Сығанақ, Ақмешіт, Алматы, Керей мен Жәнібек хандар, Ұлы Дала, Орынбор, Әлихан Бөкейхан, Бұқар жырау, Достық көшелері мен өзге де аумақтардағы ондаған тұрғын үйге қатысты болады.
Қай мекенжайларда ыстық су өшіріледі?
Тұран даңғылы: №30, 30а, 32, 32/2, 34Б, 34, 34В, 34А, 34/1, 35а, 35б, 36, 37, 37/2, 37/9, 37/10, 38, 38/1, 40/1, 40/2, 42, 42/1, 44б, 44/2 үйлер.
Түркістан көшесі: №2, 2/1, 2бл.1, 2бл.2, 2бл.3, 4, 4а, 4б, 4/1, 8, 8/1, 8/2, 8/3, 10, 10/1, 12/1, 14, 14а, 14/1, 14/2, 16, 16/1, 16/4, 16/5, 18, 18/1, 20, 20/1, 28, 28а, 28/1, 28/2, 30, 30/1, 32, 32/1 үйлер.
Ұлы Дала даңғылы: №43, 43/1, 45, 45/1, 47, 47/1, 49, 51, 53, 53/1, 55, 55/1, 55/2 үйлер.
23-15 көшесі.
№6/1 үй.
Сауран көшесі: №1, 2, 3, 3/1, 4, 5, 5/1, 5а, 5б, 5г, 5д, 6, 6/1, 7, 7а, 7б, 7г, 9, 9а, 9б, 10б, 11, 12, 12/1, 12/2, 13, 14, 15, 15а, 15/3, 15/4, 18, 18/1, 20, 20/1 үйлер.
Сығанақ көшесі: №19, 21, 23, 23/1, 25, 25/1, 25/2, 27, 33, 35, 35а, 37, 37/2, 39, 39/1, 41, 43, 45, 46, 47, 48, 48а, 49, 52, 52/1, 52/2, 54, 54а, 54/1, 54/2, 54/3, 58, 58/1, 60/1, 60/2, 60/3, 60/4, 60/5, 62, 62/3, 64, 64/1, 66, 70 үйлер.
Мәңгілік Ел даңғылы, Орынбор көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Жошы хан көшесі, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, сондай-ақ Ақмешіт, Алматы, Әлихан Бөкейхан, Бұқар жырау және Достық көшелеріндегі бірқатар тұрғын үйлер де уақытша шектеуге ілігеді.
Оң жағалауда да шектеу болады
Бұдан бөлек, 15 маусым күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Петров, Жұмабаев және Жирентаев көшелері ауданында да ыстық су уақытша өшіріледі.
Шектеу мына мекенжайларға қатысты болады:
Петров көшесі: №25, 25/1, 25а, 26, 26/1, 27, 28, 28/1, 29, 30, 30/1, 31, 31а, 32, 32/1, 32/2, 34;
Жұмабаев көшесі: №11, 13;
Жирентаев көшесі: №8, 10.
iKomek109 мәліметінше, бұл шектеу тұтынушыларды тұрақты жылу желісіне қосу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Осыған байланысты тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.