«Жезөкшелік арқылы 2 млрд теңге пайда тапқан»: Kizdar.net сайтын ашқандар қолға түсті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы прокуратура ресми мәлімдеме таратты

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайтты ашқандар оған жарнама беріп, ақылы интимдік қызмет көрсеткен.

«Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды», - деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.