Бұл азаматтар әскери міндетті ерлер
Бүгін, 15 маусымнан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының әскери міндеттілерді 2026 жылы әскери жиындарға шақыру туралы бұйрығы күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бұл бұйрыққа ҰҚК төрағасы 2026 жылдың 29 мамырында қол қойған болатын.
Сол бұйрыққа сай, бүгін, 15 маусымнан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы әскери жиын бастады.
Әскери жиын Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстарындағы Шекара қызметін нығайтуға бағытталған және оған 270 әскери міндетті азамат тартылады.