Константин Судя мен Федор Судя: Ұлттық ұлан егіздерді ажыратпай, бір әскери бөлімге қабылдаған (ВИДЕО)
Көкшетаудан шыққан егіздер Ұлттық ұланда бірге қызмет етеді
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөліміне жас сарбаздар легі келді. Олардың арасында бір үйдің егізі – Константин Судя мен Федор Судя бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ұлттық ұланның мәліметіне сүйенсек, әскери бөлім егіздерді ажыратпай, бірге қызмет еткізіп жүр.
«Екі егіз жігіт 2007 жылы 2 маусымда дүниеге келген және бала кезден жұптары ажырамаған. Олар Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде білім алып, кейін Көкшетау колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын оқып шыққан. Үйдегі үш ұлдың екеуі, яғни, ағайынды екі жігіт әскерде де бірге жүргісі келген», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Бүгінде жас әскери қызметшілер алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, армия өміріне бейімделіп жатқан көрінеді.