Бүгін, 17:38
Қоғам

«Цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі қандай»: Астанада қалалық «Әкелер форумын» өтеді

Қазақстанда 2011 жылы Әкелер одағы құрылған еді 

«Цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі қандай»: Астанада қалалық «Әкелер форумын» өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай әкелер институтының қоғамдағы рөлі мен отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар туралы ой білдірді, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Ол сөз басында республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі алғаш рет 2011 жылы бастама ретінде құрылғанын, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткенін, содан бері ұйым заңды түрде қызметін жалғастырып келе жатқанын айтты.

«Оның Астана қалалық филиалы 2023 жылы ашылды. Бұл бастама «Халықаралық әкелер күніне» байланысты көтерілген. Маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін мереке. 2023 жылы Астана қалалық филиалы құрылып, өз жұмысын бастады. Ұйымның негізгі мақсаты – әкелердің қоғамдағы рөлін арттыру. Сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ата-ананы құрметтеуге баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және табиғатты аялау сияқты құндылықтарды насихаттау да ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі», – дейді Бекдайыр Күзембай.

Ол «Әкелер күні» Қазақстанда Үкімет қаулысымен 2023 жылы бекітілгенін еске салды. 

«Жалпы, елімізде «Әкелер күнін» атап өтудің басты мақсаты – балалардың ата-анасына деген құрметін арттыру, әкенің және ананың отбасындағы рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту. Өйткені отбасы – қоғамның ең маңызды институттарының бірі. Сондай-ақ биыл «Әкелер күні» қарсаңында, яғни, 17 маусым күні Астанада қалалық «Әкелер форумын» өткізуді жоспарлап отырмыз. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін форумға 300 әке қатысады деп жоспарланған», – дейді Бекдайыр Күзембай.