Бүгін, 17:11
Қоғам

Енді мұғалім мектептен кейін оқушының өмірі үшін жауапты болмайды – Тоқаев заңға қол қойды

Президент сондай-ақ тағы бірнеше құжатқа қол қойды

Енді мұғалім мектептен кейін оқушының өмірі үшін жауапты болмайды – Тоқаев заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Айта кетейік, бұл заң қабылданғаннан кейін мұғалімдер мектептен тыс уақытта баланың өмірі үшін жауапты болмайды.

Бұдан басқа, Ақорда жазып отырғандай, Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.