Бүгін, 15:33
Қоғам

«Астанада ірі көшенің асфальті қайта төселеді»: әкімдік халыққа ескерту жасады

13-14 маусым күндері Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір жағы жабық болады

«Астанада ірі көшенің асфальті қайта төселеді»: әкімдік халыққа ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Ертең, 13 маусым мен жексенбі 14 маусым күндері Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бағыты жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің баспаөз қызметі хабарлағандай, көшедегі асфальбетон қайтадан төселеді.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді: 13-14 маусым күндер Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылы дейінгі учаскеде, Керей-Жәнібек көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп хабарлайды дереккөз.

Асфальбетонның жаңа қабаты төселіп біткенше көліктер ірі көшенің бір жағымен ғана жүреді.