Бүгін, 18:00
Қоғам

Полиция Қазақстандағы 10 мың ер адамды психологқа жіберіп, мінезін жөндеуді міндеттеген

Жалпы, әйелдердің құқығын бұзығу қатысты 41 мың іс тіркелген

Полиция Қазақстандағы 10 мың ер адамды психологқа жіберіп, мінезін жөндеуді міндеттеген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жыл басынан бері әйелдердің құқығын бұзуға қатысты 41 мың іс тіркелсе, соның ішінде 11 мың адам әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі дөңгелек үстелде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұдан басқа, 35 мың ер адамға жұбайына немесе ажырасу процессіндегі әйелге жақындамау туралы нұсқама жазылған. 9 мың агрессордың ісі сотқа жетіп, оларға нақты шаралар қабылданған. Сегіз мыңнан астам ер адамға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынған.

Әділовтің сөзіне сенсек, осы шектеулерді бұзғаны үшін он мың адам қайта жауапкершілікке тартылыпты. Яғни, Әділов айтқандай, осы он мың ер адамның бәріне психологқа барып, мінезін түзету міндеттелген.

Сот материалдары туралы мәлімет айтқан Әділов 49 адамға өзі тиіскен әйелге мүлде жақындамау туралы үкім кесілгенін хабарлады