$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2020, 14:46
Қоғам

«Карантинді жеңілдетудің түрлі амалы қарастырылып жатыр». 2 тамыздан кейін не болады?

Бұған дейін Үкімет басшысы күшейтілген карантин режимі 2 тамызда аяқталатынын мәлімдеген

«Карантинді жеңілдетудің түрлі амалы қарастырылып жатыр». 2 тамыздан кейін не болады?
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2 тамызға дейін созылатын қатаң карантиндік шектеулердің одан ары қалай жалғасатыны әр азаматтың эпидемиялық ережелерді сақтауына байланысты екенін айтты.

«Бұл сұрақ әрбір қазақстандықты мазалайды. Екі аптаны карантинде өткіздік, енді тағы екі апта шыдауға тура келеді. Ары қарай карантиннің жеңілдетілуі немесе қатаңдатылуы оның оның орындалуына және жүзеге асуына байланысты. Қазір Премьер-министрдің орынбасары  басшылығындағы ведомствоаралық комиссия карантинді жеңілдетудің түрлі амалын қарастыруда», - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, егер карантин жеңілдетілсе, азаматтар мен көліктердің жүріп-тұруына, кәсіпкерлік нысандардың жұмысына қатысты талаптар қосымша қайта қаралады.

«Карантиннің негізгі пайдасы – инфекцияның таралуына әлеуметтік байланысты жұмыс орындарындағы аралас-құралас, жалпы байланыстың кез келген түрін азайту арқылы кедергі жасау. Осы ғана ауруды шектей алады. Әрине, бұл, біз карантин ережесін қаншалықты сақтағанымызға да байланысты. Екінші пайдасы – медицина жүйесіне жүктемені азайту. Себебі, әрбір қазақстандық қажет кезінде медициналық көмекті алуы тиіс», - деп түсіндірді санитарлық дәрігер.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары