Жалпы, әкімшілік рақымшылық 1 млн қазақстандықтың айыппұлын кешірмек
Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев заңдағы бірқатар түзетулерді түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол есепшоты бұғатталған қазақстандықтардың бұғаты қалай шешілетінін және кімдер жеке сот орындаушылардың ақысын төлеуден босайтынын айтып берді.
«Заң жобаларының мақсаты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту. Сонымен қатар, Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделетінін атап өткім келеді», - деп хабарлады депутат.
Яғни, оның айтуынша, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда айыппұлға алған адамдардың ісі тоқтайды. Яғни, депутаттың айтуынша, дәл осы арқылы қазақстандықтардың есепшоттары бұғаттан шешіледі және тыйымдар алынады.
«Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтаған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босайды», - деп түсіндірді Балабиев.
Осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтады, деп сендірді депутат.
Жалпы, оның айтуынша, осы түзетулер:
«Құрметті әріптестер, біздің құқықтық жүйеміздегі рақымшылық тек құқықтық механизм ғана емес, сонымен қатар маңызды профилактикалық құрал екенін атап өткім келеді. Бұл құқық бұзудың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз қателіктерін түсініп, түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам қылмысты қайталамауға бейім болады. Сонымен қатар, рақымшылық — бұл мемлекеттің әлсіздігінің көрінісі емес, заңның жазалауы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрінісі. Бүгін қаралатын заң жобалары Конституциялық реформалар рухына, әділ Қазақстанды құру міндеттеріне және азаматтарымыздың мүдделеріне сәйкес келеді», - деді пікірін айтқан депутат.