Бүгін, 11:15
Қоғам

«Көбі — көлік иелері»: мемлекет қазақстандықтардың 21 млрд теңге айыппұлын кешіретін болды

Бұл туралы депутат Абзал Құспан мәлім етті

«Көбі — көлік иелері»: мемлекет қазақстандықтардың 21 млрд теңге айыппұлын кешіретін болды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда әкімшілік рақымшылыққа ілінетін 1 млн адамның шамамен 1,5 миллионға жуық ісі бар. Яғни, арасында бір емес, бірнеше айыппұл алған адамдар да бар. Мемлекет олардың 21 млрд теңге айыппұлын кешірмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген депутат Абзал Құспан қылмыстық және әкімшілік рақымшылықтың талаптарын түсіндірді.

«Қылмыстық рақымшылыққа шамамен 16,5 мың адам ілінеді деп отырмыз. Олардың бәрі түрмедегі адамдар емес, пробацияда жүргендер де бар. Ал, қамауда отырғандар бес мың шамасында. Және әкімшілік істердің аясында 1,5 млн-ға жуық материал бар. Оның басым бөлігі - ішкі істер министрлігі жағынан. Жалпы, рақымшылыққа ілінетін адамдардың айыппұлы 21 млрд теңгенің үстінде», - деп мәлім етті Құспан.

Оның айтуынша, бұл – алдын ала есеп. Бұл сома не азаюы мүмкін, не өсуі мүмкін.