03.06.2026, 10:26
Қоғам
Қазақстанда сотталған 1,5 мыңға жуық адам рақымшылық арқылы түрмеден босап шығатын болды
Жалпы, қылмыстық рақымшылық 16,5 мың адамды қамтиды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда қылмыстық рақымшылыққа сай, 16,5 мың адамның жазасы жеңілдейді. Ал, 1,5 мың адам түрмеден босап шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Мәжіліс Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Осы заңға сай, елімізде 16,5 мың адам қылмыстық рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Яғни, жазалары жеңілдейді, азаяды немесе толық кешірім алады.
Мәжілістің мәліметіне сүйенсек, нақты 1,5 мың адамның түрмеден босап шығатыны анық.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда айыппұлы бар 1 млн адам әкімшілік рақымшылыққа ілінуі мүмкін.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды