Бүгін Мәжіліс заң жобасын қабылдады
Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Қазақстан өз тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалады. Бұдан басқа, осы заң арқылы елімізде кезекті қылмыстық рақымшылық жасалады.
«Әкімшілік рақымшылық Ішкі істер министрлігі бағыты бойынша шамамен 1 миллион айыппұлды қамтиды», - деп хабарлайды Мәжіліс.
Бұл Заң президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жазылған.