«Дәріге деген сұраныс азайды»: «Nur Otan» партиясы өкілдері Қызылорда облысындағы дәріханаларды тексерді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен аптамен салыстырғанда, дәрілік препараттардың тапшылығы төмендеген

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы аудандарының орталығындағы дәріханаларға мониторинг жүргізді. Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүшелерімен бірлесіп жүргізген тексеруде дәрі-дәрмекке сұраныстың азайғаны байқалған. Өткен аптамен салыстырғанда, дәрілік препараттардың тапшылығы да төмендеген. 

Дәріхана меңгерушілері тұрғындарға дәрілердің тек рецептпен босатылатынын және сатылымда жоқ дәрілердің орнына балама нұсқаларын ұсынып жатқандарын жеткізді.

«Мониторинг жүргізудегі мақсат – дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасында арақашықтықтың сақталуын бақылау, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың медициналық маскамен жүруін қадағалау, антисептикалық құралдар мен қолғаптарды міндетті түрде пайдалану. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау облыстық партия филиалының тікелей бақылауына алынды, тиісті мониторинг жұмыстары жалғаса береді», -  дейді тексеру тобының мүшелері.