Кешеннің жалпы аумағы 180 мың шаршы метр
Қарағанды қаласында заманауи кітапханасы, кинотеатр, мұз айдыны мен паркі бар жаңа ойын-сауық орталығы салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мүлде жаңа форматтағы Keruen Karaganda сауда-ойын-сауық орталығы - мәдени іс-шараларға арналған ауқымды жоба болмақ.
Аумағы 180 мың шаршы метрден асатын көпфункционалды кешеннің ішінде заманауи кітапхана, бірнеше залдан тұратын кинотеатр, жыл бойы жұмыс істейтін мұз айдыны, тақырыптық балалар паркі, концерттік және түрлі іс-шараларға арналған алаңдар ашылады.
Жаңа орталық қалалық өмірдің маңызды кеңістігі ретінде жобаланған. Мұнда фестивальдер, көрмелер,
«Бұл жаңа орталық Keruen желісіндегі ең ірі нысан әрі Қазақстандағы ең ауқымды кешендердің біріне айналады. Мұнда әлемдік және отандық үздік брендтер, фудкорттар, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ заманауи кітапхана ашылмақ. Ең бастысы, жобаның жүзеге асуы өңір экономикасының дамуына жаңа серпін береді: кемінде 3900 жұмыс орны ашылып, салық түсімдері артады, жастар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады», - деп сенеді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Орталықты «KeruenCity Karaganda» компаниясы салады. Ал, оның сәулетін Лондондағы Chapman Taylor компаниясы сызған. Қарағанды облысының әкімдігі бұл орталықты тек коммерцияның көзі емес, ішкі туризмді дамытуға да пайдаланбақ.
«Біз Keruen Karaganda жобасын адамдарға арналған кеңістік ретінде салып жатырмыз. Бұл жай ғана сауда орталығы емес, бүкіл отбасы жайлы уақыт өткізе алатын орын болады. Орталықтың жабық автотұрағы, мұз айдыны мен отбасылық паркі бар. Тіпті келушілер жылы автобус аялдамасынан лифтке тікелей өтіп, сол арқылы сауда-ойын-сауық орталығына бірден кіріп кете алады», - дейді Keruen Karaganda компаниясының бас директоры Галина Зкрияева.
Жалпы, орталықтың бірінші бөліші 2027 жылы, ал екінші кезегі 2028 жылы салынып бітеді деген жоспар бар. Жаңа сауда-ойын-сауық орталығы қаладағы Тәттімбет көшесінде, «Күнгей» шағынауданы бағытына қарай салынады.