Конкурс медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында үздік дәрігерлер арасында конкурс жариялады. Конкурста жеңімпаз атанған әрбір дәрігерге 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 2,1 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, ақшалай сыйақы табыс етеді.
17 номинацияның арасында «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор» номинациялары бар.