Бүгін, 09:58
Қоғам

Қазақстанда әйелінің көзіне шөп салатын ер адамдардың көбі Маңғыстау облысында тұратын болып шықты

Жалпы, Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда 4 есе көп опасыздық жасайды

Қазақстанда әйелінің көзіне шөп салатын ер адамдардың көбі Маңғыстау облысында тұратын болып шықты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда сауалнамаға қатысқан респонденттердің арасында әйелдер тарапынан опасыздыққа 1% жол бердік десе, ерлер арасындағы көрсеткіш 4 есе көп болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл зерттеуді «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» Әлеуметтанулық зерттеулер орталығы жүргізген. Мемлекеттік тапсырма аясында жасалған «Қазақстандық қоғамдағы дәстүрлерді жаңғырту: жаңа мінез-құлық нормалары» тақырыбында әлеуметтанулық зерттеуінің бір сұрағы ерлі-зайыпты арасындағы адалдыққа қатысты болған.

«Әйелдер мен ерлер тарапынан опасыздық. Қазақстандықтардың аз бөлігі мұндай құбылысты мүмкін деп санайды, алайда әйелдер мен ерлерге қатысты пікірлер екіге бөлінді: егер әйелдер тарапынан опасыздыққа 1% респондент жол берсе, онда ерлер тарапынан опасыздыққа жол беретін респонденттер саны 4 есе көп (3,8%). Өңірлік тұрғыдан Маңғыстау облысы ерекшеленеді, онда ерлер опасыздығы (3,5 есе жиі) қалыпты саналады, сондай-ақ Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары туралы айта кетсек, мұнда ерлердің опасыздығын шамамен әрбір 10-шы респондент қалыпты деп санайды. Ерлер некедегі ерлер опасыздығына, ал әйелдер – некедегі әйелдер опасыздығына қатысты 2 есе жиі түсіністікпен қарайды», - деп жазылған зерттеуде.