Қордай ауданында 19 млн теңгенің дәрі-дәрмегін заңсыз тасыған жүк көлігі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген дәрілік препараттар Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды

Фото: sputniknews.kz

Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекаралық бекетінде тауарлық-ілеспе құжаттарсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады. 

​«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-б. 1-б. сәйкес,(заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Жүк көлігінен 19 млн теңгеден астам сомаға дәрілік препараттардың 20-ға жуық түрі анықталып, тәркіленді», - деп хабарлайды.

​Тәркіленген дәрілік заттардың бәрі Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.