Шымкент дәрігерлері бір сәбидің өмірі үшін 109 күн күрескен

Автор: Бақыт Шынар

Небары 700 грамм салмақпен туған бала аман қалды

Фото: Шымкент әкімдігі

Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері небары 700 грамм салмақпен дүниеге келген баланы қатарға қосу үшін 109 күн бойы тоқтаусыз ем жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 9 қаңтарында баланың анасы ауырған. Дәрігерлер әйелдің денсаулығында асқынған аурулар барын біліп, оны босандырған. Дүниеге небары 700 грамм салмақпен келген бала 94 күн бойы реанимацияда, кейін 15 күн патология бөлімінде жатқан. Арада 109 күн өте дәрігерлер баланы анасының қолына беріп, оларды үйіне шығарған.

Қазір баланың салмағы 2460 грамм және денсаулығы жақсы.