Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады
Еңбек министрлігі мүгедектік тағайындау кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасауға қатысты 167 фактіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру анықтағандай, негізінен бұл істе комиссия мүшелері мен адамдар бір схеманы пайдаланған: олар бір адамның медициналық картасын алып, онда тек азаматтың аты-жөнін және жеке дерегін өзгертіп отырған. Ал, ауруы, оның тарихы мен комиссияның қорытындысы сол қалпында қалған.
«Анықталған барлық фактілер бойынша уәкілетті органдар тарапынан кешенді шаралар қабылданып жатыр. Комитеттің аумақтық департаменттері 73 адамға қатысты қорытындыны қайта тексерді. Күмәнді адамдардың әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтаған. Ал заңбұзушылықтар расталған жағдайда мүгедектік тағайындау туралы бұрын қабылданған шешімдер заңнамаға сәйкес қайта қаралады», - деп хабарлайды министрлік.